Қылмыс

"Кінәсін мойындамады": Кәсіпкерге оқ атқан қаскөйлерге сот үкімі шықты

  • "Кінәсін мойындамады": Кәсіпкерге оқ атқан қаскөйлерге сот үкімі шықты

Петропавлда қаланың қақ ортасында кәсіпкерге оқ атқан қаскөйлерге қатысты сот үкімі шықты. Бизнесменге қастандық жасаған үш адамға 8 және 10 жыл аралығында жаза кесілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

кәсіпкер

"Айыпталушы Мустафин, Аушахманов және Арми кінәсін мойындаған жоқ. Дегенмен сот жәбірленуші мен куәгерлердің жауабына және өзге де айғақтарға сүйеніп, қылмыстың болғанын дәлелдеді. Күдіктілер алдын ала келісіп, жәбірленушінің денсаулығына қасақана зиян келтірген", - дейді судья Сергей Викторенко.

 

Сот барысында жанжалдың ойын-сауық орталығында басталғаны айтылды. Тергеу мәліметіне сүйенсек, орталыққа мас күйінде кірген екі топ керісіп қалған. Кикілжіңнен кейін ашуға мінген азаматтар кәсіпкерді үйінің алдында күтіп алып, балалар ойнайтын алаңқайда атып кеткен еді.

Зардап шегуші аман қалды. Ал тасадан қару кезенгендерді тәртіп сақшылары екі айдан кейін қолға түсірген. Қалалықтардың зәресін ұшырған қанды қылмыс 10 ай бұрын болған еді. Осы оқиғаға қатысы бар тағы екі адам "бұзақылық" бабы бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырылды. 

 
 

 




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.06.2020, 21:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31