Қылмыс

Көкшетау тұрғыны ақпаратты таратпау үшін таныс әйелден 2,5 млн теңге ақша бопсалаған

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Таныс әйелден жарты жыл бойы 2,5 миллион теңге ақша бопсалап келген Көкшетау қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 30-да қалалық ПБ кезекшілік бөліміне ірі көлемде бопсалау туралы арыз түскен.

 

«Өңір тұрғыны 2020 жылдың күзінен бастап 2021 жылдың мамырына дейін танысынан 2,5 млн теңге көлемінде ақша қаражатын бопсалағаны анықталды. Жәбірленуші бұл ақшаны қаскүнемге және оның достарының банк карталарына жіберіп отырған. Осы бойынша департаменттің тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 194 бабы «бопсалаушылық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп түсіндірді ведомстводан.

 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласының аумағында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері осы қылмысқа күдікті ретінде облыс орталығының 22 жастағы тұрғынын ұстады.

 

Белгілі болғандай, күдікті бірнеше ай бойы қорқыту және бопсалау арқылы жәбірленушіні әшкерелейтін ақпаратты таратпағаны үшін әйелден ақша талап еткен.

 

 

 

 

 




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 08:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31