Қылмыс

Көкшетау тұрғыны аяғы ауыр келіншегін тепкілеп тастады

  • Көкшетау тұрғыны аяғы ауыр келіншегін тепкілеп тастады

    Көкшетау тұрғыны аяғы ауыр келіншегін тепкілеп тастады

Екіқабат әйелді аямады. Көкшетауда 33 жастағы жігіт аяғы ауыр әйелге тап беріп, аяусыз тепкінің астына алған. Жұрт Ұлыстың Ұлы күніне әзірленіп жатқанда жас келіншек оңбай таяқ жеген, - деп хабарлайды КТК арнасы.


Оқиға қала мейрамханаларының бірінің алдында болған. Аяғы ауыр келіншек барынша қорғанып баққанымен, тепсе темір үзетін жігіттің тепкісінен жерге құлаған. Ол тіпті келіншектің жүкті екеніне де қарамаған ер адам, жәбірленушінің күйеуі болып шықты. Араша түскен адам табылғанымен әкіреңдеген күйеусымақты айыра алмай әлекке түскен. Басынан да, ішінен де соққы алған әйелі болса «қол сынса – жең ішінде» дегенге басып отыр.


Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі: - Әлеуметтік желіде пайда болған бейне жазбаны полиция тексерді. Олар ерлі-зайыпты адамдар екен. Отбасылық кикілжің орын алған. 1989 жылы туған келіншек арыз түсірмейтінін айтты. Күйеуін кешірді. Жәбірленуші шағымы болмағандықтан, участке инспекторы профилактикалық кеңес өткізді.




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.03.2019, 12:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30