Қылмыс

Көкшетау тұрғынынан ақша бопсалаған қылмыстық топ құрықталды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Көкшетау тұрғынынан ақша бопсалаған төрт адамнан тұратын қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның мәліметінше, 24 наурызда Көкшетау қалалық Полиция басқармасының кезекшілік бөліміне 20 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреулердің одан ақша бопсалағанын айтқан.

 

Қаскүнемдер қорқыту және күш қолдану арқылы жәбірленушіден 200 мың теңге талап еткен. Ол бұл ақшаның 80 мың теңгесін күдіктілерге беріп қойған.

 

«Бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деді ведомстводан.

 

Полиция қызметкерлі анықтағандай, күдіктілер қылмысқа алдын-ала дайындалған. Тіпті, материалдық шағымды ұсынудың сылтауын да алдын-ала ойластырған.

 

Тергеу барысында барлық күдіктінің аты-жөні анықталды.

 

«25 наурызда Ақмола облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде Көкшетау қаласының 20-24 жас аралығындағы төрт тұрғыны ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі кезде күдіктілердің үшеуі де уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп толықтырды ведомстводан.

 

 

 

 




Көрілген: 520    Пікірлер: 0

сенбі, 27.03.2021, 00:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31