Қылмыс

Көкшетауда бойжеткенді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

  • © tengrinews

    © tengrinews

31 жастағы Петропавл тұрғыны 27 жастағы көкшетаулық әйел оны интим қызмет көрсетуге мәжбүрлейтінін хабарлады. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Баспасөз қызмет өкілдерінің мәліметінше, 1-12 қыркүйек аралығында Ақмола облысында "Стоп трафик" арнайы операциясы жүреді. Үш күн ішінде криминалдық, әкімшілік полиция бөлімшелерінің, көші-қон және жергілікті полиция қызметінің бірлескен күштерімен рейдтік іс-шаралар өткізіледі, оның барысында өнеркәсіптік объектілер, ауыл шаруашылығы аумақтары, монша кешендері, қонақүйлер мен көңіл көтеру орындары тексеріледі.

 

"10 қыркүйекте полицияға Петропавл қаласының 31 жастағы тұрғынынан арыз келіп түсті, ол Көкшетаудың 27 жастағы тұрғыны оны облыс орталығының аумағында интим қызмет көрсетуге мәжбүрлейтінін хабарлады", - делінген полиция хабарламасында.

 

Жедел уәкілдер бұрын бірнеше рет сотталған көкшетаулықты ұстады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 308-бабы 1-бөлігінің "Жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды, куәгерлік және мойындау айғақтары бар.

 

"Стоп трафик" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тиісті уәкілдер профилактикалық әңгімелер жүргізеді, тұрғындарға адам саудасының, заңсыз бас бостандығынан айырудың, еңбек немесе сексуалдық құлдықтың құрбаны болмаудың жолдарын ескертіледі.

 




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

сенбі, 12.09.2020, 15:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31