Қылмыс

Көкшетауда жүргізушіге тапанша кезеген күдіктілер ұсталды

  • Көрнекі фото.  http://kvu.su/

    Көрнекі фото. http://kvu.su/

Көкшетауда бейтаныс жүргізушіні тапаншамен қорқытқандар бейнебақылау камерасы арқылы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазанда Көкшетау қалалық полиция бөліміне 29 жастағы көлік жүргізушісі арызданған.

 

Зардап шегушінің сөзінше, сол күні сағат 11:15-те Әуезов көшесінің бойында бейтаныс екі ер адам оны тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, жеткізіп салуды талап ектен.

 

«Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары «Аригато» дәмханасының маңында бейтаныс екі ер адамның «Мазда» көлігіне отырып, жүргізушіні тапаншаға ұқсас затпен қорқытқанын анықтады.

Жүргізушінің сөзінше, күдіктілердің бірінің бет бейнесі азиаттыққа, екіншісі еуропалыққа ұқсас. Біреуі үстіне әскери камуфляж күртке, екіншісі қара түсті күртке мен көк түсті джинсы киген», - деді ведомстводан.

 

Жедел-іздестіру шарасы барысында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы арқылы 29 және 28 жастағы екі ер адам ұсталды.

 

Күдіктілердің бірі СҚО Айыртау ауданының, екіншісі Көкшетау қаласының тұрғыны.

 

Оларды ұстау кезінде пневматикалық тапанша тәркіленді.

 

«Қазіргі кезде сараптама тағайындалды. Күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі «бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жалғасуда», - деп толықтырды ведомстводан.




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.10.2020, 01:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30