Қылмыс

Көкшетауда қару мен жарылғыш заттар өндіретін жасырын цех анықталды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

15 сәуірде Көкшетау қаласында ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды заңсыз жасауға және оларды өткізуге қатысы бар қылмыстық топты жойды.

 

Топтың үш қатысушысы қару мен ҚЖҚ-ның кезекті партиясын сату кезінде ұсталды.

 

Жасырын цех ұсталғандардың бірінің жеке үйінде болған, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

 

Жүргізілген шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 7 жауынгерлік пистолет, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 патрон, сондай-ақ қару-жарақты модификациялау мен жасауға арналған құралдар алынды.

Тергеу-жедел шаралары жүргізілуде.

Осы жылдың мамыр айында Ресей Федерациясының Қазан қаласында болған қайғылы оқиға қаскүнемдердің қолындағы атыс қаруы ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін көрсетті. Осыған байланысты қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл ҚР арнаулы және құқық қорғау органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.05.2021, 17:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31