Қылмыс

Көкшетауда қонағын ұрып өлтірген дәмхана иесіне сот үкімі шықты

  • © Sputnik / Абзал Калиев

    © Sputnik / Абзал Калиев

Көкшетауда ер адамды соққыға жыққан кафе иесіне қатысты сот үкімі шықты. Ол сегіз жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Ақмола облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Естеріңізге салсақ, қайғылы оқиға "Арена" дәмханасында орын алған. Келуші мен дәмхана қызметкерлері арасында жанжал шыққан. Кейін дәмхана иесі келушіні қоймаға апарып соққыға жыққан. Нәтижесінде жәбірленуші азамат алған дене жарақаттарынан көз жұмады.

 

2021 жылдың 22 сәуірінде Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының үкімімен ер адам қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша кінәлі деп танылды.

 

Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

 

Зардап шегуші марқұмның пайдасына сотталған адамнан моральдық шығынның өтемі ретінде бес миллион теңге, материалдық залал – бір жарым миллион теңге өндіріліп алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 




Көрілген: 685    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 00:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30