Қылмыс

Көкшетауда такси жүргізушісін өлтіріп кетті

  • https://perevozka24.com/

    https://perevozka24.com/

Ақмола облысында такси жүргізушісін өлтіру оқиғасы тіргеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 22 қаңтарда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем стансасының фельдшері хабарласып, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына 45 жастағы ер адамның іші мен мойын тұсынан пышақ жарақатымен түскенін айтты.

Белгілі болғандай, зардап шегуші жеке жолаушы тасымалымен айналысқан.

«Жедел-іздестіру шарасы кезінде жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камерасының көмегімен күдікті ұсталды. Ол Көкшетау қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Алайда, зардап шегуші алған дене жарақатынан 23 қаңтарда көз жұмды. Оқиға байланысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіден заттай айғақтар алынып, уақытша қамалды», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.

 




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

жұма, 24.01.2020, 09:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30