Қылмыс

Көкшетауда тапанша мен граната жасаған электршіге сот үкімі шықты

  • Көкшетауда тапанша мен граната жасаған электршіге сот үкімі шықты

    Көкшетауда тапанша мен граната жасаған электршіге сот үкімі шықты

Ер адам мен оның екі сыбайласы құқық қорғау қызметкерлерінің көзіне өткен жылы түскен

Көкшетау қалалық соты газды және травматикалық қаруды атыс қаруына айналдырумен айналысқан техникалық қызмет көрсету станциясының электршісіне қатысты үкім шығарды. Оны ұстау кезінде атыс тапаншалары, гранаталар мен қолдан жасалған жарылғыш заттар тәркіленді.

"Шебер" қылмыстық топтың құрамында болған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қылмыскер осы жылдың сәуірінде ұсталған, алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері 2020 жылдан бері оның ізіне түскен. Көкшетаудың 39 жастағы тұрғыны газды және травматикалық қаруды техникалық мүмкіндіктері мен бөлшектерін өзгерту арқылы атыс қаруына айналдырып отырған. Сондай-ақ жарылғыш құрылғыларды қолдан жасаумен айналысқан.

Одан кейін бұл қаруды қомақты қаражатқа сатып отырған. Мысалы, өткен жылдың 30 желтоқсанында Ақмола облысы прокурорының санкциясы негізінде Д.-дан соғыс қаруы ретінде өзгертілген калибрі 9 миллиметр Retay Baron маркалы тапанша 200 мың теңгеге сатып алынды. Сот-баллистикалық сараптама ол оқ атуға жарамды атыс қаруы екенін растады.  

"Ал биыл 12 қаңтарда қолдан дайындалған жарылғыш құрылғы жедел сатып алынды. 12 ақпанда "Арыстан" ҰҚК АМҚ базасында құрылғыға сот жару-техникалық сараптама жүргізілді. Сарапшының қорытындысы бойынша, ол жаруға жарамды", - деп толықтырды Ақмола облысы ҰҚКД баспасөз қызметі.  
Департамент қызметкерлері оның 50 жастағы М. есімді сыбайласын әшкереледі. Ол қаруды дайындау және сатуға көмектескен. Сонымен қатар осы қылмыстық іс бойынша 67 жастағы К. деген азамат жону станогымен атыс қаруына қажетті бөлшектерді дайындағаны анықталды.

Қылмыстық топ кезекті сатып алу кезінде ұсталды. Д. үйі мен жұмыс орнын тінту барысында алты атыс тапаншасы, қол гранатасы, ұсақ калбирлі винтовкаға арналған 80 оқ-дәрі мен жүзден астам қолдан жасалған жарылғыш құрылғы және осы жабдықтарды дайындауға арналған аппараттар тәркіленді.

Көкшетау қалалық соты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 288-бабының 2-бөлімі және 87-бабының 4-бөлімі бойынша Д. және М. есімді күдіктілерді кінәлі деп танып, оларды төрт жылға бас бостандығынан айырды.




Көрілген: 608    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.12.2021, 09:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 21:48
    Бес кеденші сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31