Көкшетауда түн ішінде жаппай төбелес болды

13 сәуір 2022, 10:09

10 сәуір күні сағат 03:15 шамасында болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

Ақмола облысы ПД төбелеске қатысушылардың кім екенін анықтады, деп хабарлайды Экспресс К департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетаудағы түнгі ойын-сауық орындарының маңында бірнеше адамның арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласты. Бұл туралы дереу жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабар берілді.

Полиция төбелеске қатысқан екі адамды ұстады. Олар түнгі клубтың қызметкерлері болып шықты. Ізін жасырмақ болған тағы екі күдікті қолға түсті. Аталған дерек бойынша ҚК-тің 293-бабы 2-бөліміне (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі іс қозғалды, — делінген хабарламада.

Жаппай төбелеске 26 жастағы келушілер мен 1998, 1997 жылғы түнгі клуб қызметкерлінің арасындағы жанжал себеп болды.