Қылмыс

Көкшетаулық мемқызметкер Антикоррупция қызметкерлерінің қысым көрсеткенін мәлімдеді

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Көкшетауда мемлекеттік қызметкер Instagram желісіндегі парақшасында Антикоррупция қызметкерлеріне шағымданды. Ол ведомство өкілдерінің қысым көрсететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Самат Сайдалин Антикоррупцияның жергілікті қызметкерлерінің оны 9 сағаттан аса уақыт заңсыз ұстағанын айтады.

 

Сайдалиннің айтуынша, ол осы жағдай бойынша прокуратураға арыз қалдырды. Қазіргі уақытта полиция департаменті қылмыстық іс жүргізіп жатыр дейді.

 

Мемқызметкердің адвокаты Алмагүл Ыдрысова қорғалушысы Сайдалинге қатысты қылмыстық іс қозғаған қызметкерлердің бірінің осыған дейін ТЖ режимі кезінде баняға барғаны үшін жұмыстан босатылғанын айтады.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/B_hVGvwHJmj/

 

"Сайдалинді 1987 жылғы генераторды есептен шығарғаны үшін ұстаған. Ол генератор 2 жыл уақыт жұмыс істемеген, сондықтан 47 мың теңгеге металл сынықтарын өткізетін жерге берген.

 

Антикоррупция қызметкерлері оған 15 сағаттан аса уақыт су мен тамақ бермеген. Ал жедел жәрдем шақыру туралы өтінішін мүлде елемеген.

 

Адвокаттың айтуынша, қазіргі уақытта Антикоррупция қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тексеріс басталды.

 




Көрілген: 465    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 14:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31