Қылмыс

Көкшетаулықтар қаладағы әккі алаяқ туралы шағымданды

  • Көкшетаулықтар қаладағы әккі алаяқ туралы шағымданды

    Көкшетаулықтар қаладағы әккі алаяқ туралы шағымданды

Көкшетаулықтар құқық қорғау органдарына шағымданды. Олардың айтуынша, қала тұрғыны алаяқтық жасап, олардың ақшасы мен мүлкін иемденген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Көкшетау Азия" басылымына сілтеме жасап. 

Ер адам тұрғындардың сеніміне кіріп, бизнеспен айналысатын адамның кейпін танытқан. Ал адамдар оған ақшасын немесе мүлкін бергеннен кейін оны өз бетінше пайдаланған. Осылайша уәдесінде тұрмаған.

Біреуге ол үйге жылу өткізіп беремін десе, екіншісіне көлік алып беретінін айтқан. Ал тағы біреуден көлігін жай жүргізуге алып, сатып жіберген.

Зардап шегушілердің айтуынша, 2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін аталған тұлғаның арбауына түскен адамдардың 38 жағдайы бар. Алайда күдікті жүздеген миллион шығын келтіргенімен, әлі бостандықта жүр.

"Зардап шегушілер бұл азаматтың құқық қорғау ведомстволарында қамқоршысы бар деп есептейді. Сондықтан ол бірнеше жылдан бері жазаға тартылмай келеді. Сондай-ақ қарызды қайтару туралы қандай да бір іс-әрекетті полиция тоқтатып тастайды", - деп жазды басылым.




Көрілген: 523    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.10.2020, 09:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30