Қоқыс маңында табылған баланың мәйіті: анасы мен ағасы кісі өлтіргенін мойындады

24 мамыр 2022, 15:46

Анасы мен ағасы қызды тұншықтырып өлтіріп, мәйітті қоқысқа апарып, көмгенін мойындады.

Алматы облысында 4 жасар мүгедек қызды өлтірді деген күдіктілер қамауға алынды.

Еске салсақ, 17 мамырда Сарқандағы тұрмыстық қоқыс тастайтын жерден қыздың мәйіті табылды. Көп ұзамай полицейлер церебральды сал ауруы мен туа біткен ақыл-ойы кемістігі бар баланың 19 жастағы анасын анықтады. Осы жылдың ақпан айында бала ауырып, кенеттен қайтыс болды-мыс. Мәйітті қала шетіне апарып, күдіктінің 21 жастағы ағасы жерлеген.

Тергеу барысында полицейлер ұсталғандарды кінәлі деп танып үлгерді. Анасы мен ағасы қызды тұншықтырып өлтіріп, мәйітті қоқысқа апарып, көмгенін мойындады.

Баланы өлтіргені үшін туыстарына жиырма жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады (ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі).

sn.kz