Қылмыс

"Қол-аяқтарын кескен, бауыздаған": Көкшетауда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өз пәтерінде айуандықпен өлтіріп кетті

  • "Қол-аяқтарын кескен, бауыздаған": Көкшетауда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өз пәтерінде айуандықпен өлтіріп кетті

Көкшетауда 87 және 78 жастағы ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өз пәтерінде айуандықпен өлтіріп кетті. Түн ішінде терезеден түскен қаскөйлер қауқарсыз жандардың аяқ-қолын кесіп қинап, малша бауыздап тастапты. Есігі ішінен құлыптаулы болғандықтан, қанды оқиға тек екінші күні – қызы келгенде белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

қылмыс

Он баланың ата-анасы, тыл ардагері Әкімбек пен Құралай Бейсембаевтар екі  жыл бұрын бес қабатты жаңа үйде қоныс аударған. Балалары әке-шешесіне бір бөлмелі пәтер сатып әперіп, құрмет көрсетсе керек. Өздері үнемі келіп-кетіп көмектесіп жүрген. Карантиндік шектеулерге байланысты соңғы кездері ғана қатынас сирепті.

Таңертең ерте ата-анасын іздеп келген қыздары Ләззат сұмдық көріністің үстінен түскен. Қанжоса болып жатқан қарияларды көріп есінен танған  оның өзіне көршілері жедел жәрдем шақырған. Екі бірдей адамның кісі қолынан мерт болғаны жайлы хабар жеткен соң, полиция генералымен қоса, тайлы-тұяғымен келді дейді балалары.

 

Олардың айтуынша, бұл үйге қаскөйлер осыдан бір апта бұрын көз тіккен. Біреулер түн ішінде терезені сындырып пәтерге түспек болыпты. "Сонда полиция бұл іске немқұрайлы қарады", - дейді марқұмның балалары.  

"Әке-шешем атып тұрып, бақырып шулаған соң, аналар қашып кетіпті. Жедел топ келді, саусақ іздерін алды. Сонымен «аллау акбар». Бір жұмада ешқандай жағдай жасаған жоқ. Қол-аяқтарын кескен, бауыздаған. Масқара! Істемегенді істеген, қорлаған. ІІМ-не, Президентке, Бас прокуратураға дейін – бәріне жазамын", - дейді қаза тапқан ерлі-зайыптылардың ұлы Кәкім Бейсембаев.

Балаларының айтуынша, пәтер тоналғанға ұқсайды. Астаң-кестеңі шыққан үйден аналарының алтын бұйымдарын таба алмапты. Әзірге қандықал қылмыскерлер ұсталмапты. Полиция қаскөйлерді іздеп жатыр.

"Кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.Әзірге тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Иә, 25 сәуір күні терезе арқылы біреулердің кірмек болғаны жайында полицияға мәлім. Ол кезде де ұрлық бойынша тергеу амалдары болған. Өкінішке қарай, күдіктілер табылмады", - дейді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі Әсем Әбдірахманова.

 

 




Көрілген: 747    Пікірлер: 0

жұма, 01.05.2020, 10:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30