“Көлік ұтып алдыңыз”: алаяқ ақтөбелікті 800 мың теңгеге алдап кетті

03 наурыз 2022, 11:56

Алаяқ ақтөбелікті 800 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Қаңтар айының басында белгісіз біреу 66 жастағы ер адамның телефонына қоңырау шалып, өзін интернет-дүкеннің қызметкері ретінде таныстырып, оның көлік ұтып алғанын хабарлаған.

 

Ұтысты алу үшін қоңырау шалушы белгілі бір сомаға футболкалар мен сағаттар сатып алу қажет екенін айтқан.

 

Ұтыс иесі аталған шотқа 800 мың теңгеден астам қаражат аударған.

 

Полиция қызметкерлері күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.