Қылмыс

Көлікте сүйіктісін буындырып өлтірген жігітке үкім шықты

  • © Sputnik / Илья Питалев

    © Sputnik / Илья Питалев

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өткен жылдың қыркүйегінде сүйіктісін буындырып өлтіріп, мәйітін қала сыртындағы арыққа тастаған Ақтау қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарды.

 

Қоғамдық резонанс тудырған қылмыс 2019 жылдың 18 қыркүйегінде жасалған, деп хабарлады inaktau.kz ресурсы.

 

Марқұмның анасы қызы үйге түнеуге келмеген соң дабыл қаққан. Ол келесі күні таңертең полицияға арызданған. Біраз уақыттан кейін жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу аяқталғаннан соң іс сотқа берілді.

 

"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танылып, оған он бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталушы жәбірленушінің өкіліне алты миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Ал материалдық залалды өтеу есебінен 3 миллион 513 мың 520 теңге өндіріп алынды.

 

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 18 қыркүйекте ер адам өзінің сүйіктісін жұмыстан алып кетіп, бірге дүкенге азық-түлік алуға барған. Жолда араларында жанжал шыққан.

 

33-ші шағын аудандағы "Дина" гипермаркетінің жанындағы автотұрақта жастар ұрсысуын жалғастырған. Жанжал кезінде ер адам алдыңғы жолаушы орындығында отырған әйелдің мойнына жіп салып, оны буындырып өлтірген.

 

Айыпталушы қылмыс ізін жасыру үшін қала сыртына шығып, мәйітті Жетібай ауылына жақын маңдағы арыққа лақтырып кеткен.

 

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушының адвокаттары апелляцияға берді. Үкімге наразылық білдірген жәбірленуші тарап та шағым түсірді.

 

sputniknews.kz


 




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.05.2020, 22:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31