Көмектесіңіздер, анамды ұрып жатыр: оқиғаның мән-жайы айтылды

29 тамыз 2023, 12:21

Қарағанды ​​облысында өз үйінің ауласында соққыға жығылған әйел танымал қазақстандық блогердің туысқаны болып шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қыз 25 тамызда сағат 7:00-де Қарқаралы қаласында белгісіз біреу туысқанына шабуыл жасап, ақша бопсалағанын айтып, видео жариялады.

 

 

"Белгісіз адам менің тәтемді ұрып-соғып, оны қылқындырған. Ол қарсыласқанын тоқтатып, ес-түссіз қалғанда, оны өлді деп ойлап, үйге сүйреп апармақ болған. Үйде ол інімді көрген, оны аяғымен теуіп, табамен ұрған. Содан кейін әжем шыққан, ол әжені де ұрған, оның қолы сынған", - деді блогер Айя Ли.

 

Жақындап келе жатқан таксидің дыбысын естіген ер адам қашып, із-түзсіз кеткен. Келесі күні полицейлер күдіктіні Қарағандыда өз пәтерінен тапты. Қыздың айтуынша, сол жерден газдың шығуы анықталған.

 

"Ол өлгісі келді ме, әлде басқа ма. Енді, айыпталушының (күдіктінің. – еск.) құқық қорғау органдарында туыстары бар екені белгілі болды, олар оны "ақтауға", мерзімін азайтуға тырысып, түрлі оқиға ойлап шығарып жатыр", - деп қосты блогер.

 

Туыстары айтқан тағы бір нұсқасы бойынша, ер адам зардап шеккен 51 жастағы тұрғынды тонау үшін емес, 2 миллион теңге қарызын алу үшін келген.

 

Қыз оқиғаны жария етуді, видеоны таратуды өтініп, посттың астына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Астана әкімдігінің, түрлі БАҚ пен пабликтердің парақшаларын белгілеп қойған.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz