Қылмыс

Конгресс-Холлдың экс-директоры 1,8 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді

  • Көрнекі фото: NUR.KZ

    Көрнекі фото: NUR.KZ

Конгресс-Холлдың бұрынғы директоры 1,8 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталуда. Бұл туралы бүгін қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Еліманов онлайн-брифинг барысында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Елімановтың айтуынша, Сәкен Әбдірахманов ел астанасында Мемлекеттік академиялық филармонияның, бұрынғы Конгресс-Холлдың директоры болып тұрған кезінде 1,8 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

 

Еліманов қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатқанын айтты.

 

"Тергеу мәліметтері бойынша, ол өзінің қарамағындағылардың арасынан қылмыстық топ құрған, олар 1,8 миллиардтан астам теңгені жымқырған", – деді Еліманов.

 

Еске салсақ, Денсаулық сақтау экс-вице-министрі Олжас Әбішев 500 миллион теңгені жымқырды деп күдіктелуде.

 

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі мыңдаған қазақстандықтың Questra World қаржылық пирамидасының Қазақстандағы қызметінен зардап шеккенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 1 миллиард теңгеден асып түскен. 2016-2017 жылдары Questra World, Questra Holding, Atlantic Global Asset Management, Five Winds Asset Management деген атпен қаржылық пирамида құру бойынша бірқатар қазақстандықтар мен басқа елдердің азаматтарына қатысты тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды.

 

Оған қоса, еліміздің үшінші мегаполисінде сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы 500 млн теңгеден астам қаражат жымқыру бойынша күдікке ілінді.

 




Көрілген: 804    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 14:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31