Қылмыс

Кореядағы қазақстандықтың өлімі: Туған інісін жауыздықпен өлтірді

  • ©Depositphotos

    ©Depositphotos

Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында жантүршігерлік оқиға болды.  Марқұм да, күдікті де -Қазақстан азаматтары.  

 

Сол жақта тұратын отандасымыздың айтуынша, 22 жастағы жігіт 26 рет пышақталған. Бірақ бұл қайғылы жағдайдан балаларын сағына күтіп отырған анасы мен әжесі бейхабар. 

 

Қайтыс болған жігіттің денесі 12 қазанда  табылған. Қос бауырдың арасында не жағдай болғаны  әзірге белгісіз. Күдікке іліккен марқұмның туған ағасы  сол жерде қолға түскен.

 

Ресми деректерге сүйенсек, 22 жастағы айыпталушы, інісін 2-ші қабаттағы жуынатын бөлмеден 1 қабатқа дейін әбден қинаған. Мойын тұсынан 7 рет, денесіне 19 рет пышақ сұққан.  

 

Екеуі де Түркістан облысы Жетісай ауданының тумасы деген ақпарат тарап жатыр. Еңбек мигранттары.

 

Жергілікті құзырлылар жұмған аузын ашпай отыр. Бар деректі Оңтүстік Кореядағы ауыр жағдайда қалған отандастарға көмектесетін Самат Ахметовтан алдық.

 

Самат АХМЕТОВ, ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ:

 

– 27 жастағы А. есімді азамат есінен танып жатқан жерінен қамауға алынған болатын. 22 жастағы С. есімде азаматтың әкесі Оңтүстік Корея елінде қазір. Әкесі мен тікелей байланыстамыз. Негізі С. есімді азамат Оңтүстік Корея еліне 1 жарым жыл бұрын келген екен, осы жерден әкемді алып кетемін деп.  

 

Сот-сараптамасының қорытындысы бойынша,  екеуі де сау күйде болған және психикалық есепте тұрмаған.

 

Қамауға алынған күдіктіге қатысты қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру  жүріп жатыр.

 

Істің сағызша созылып кетуіне айыпталушының тергеушінің сұрақтарына жауап бермеуі себеп, дейді сол елдегі отандасымыз.

 

Самат АХМЕТОВ, ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ:

 

– Оңтүстік Корея елінде қылмыс жасаған шетел азаматтары жазаларын Оңтүстік Корея аумағында өтейді. Себебі, олар қылмысты Оңтүстік Корея елінде жасаған және бұл азаматтың жасаған қылмысы өте ауыр болғандықтан, қоғамға өте қауіпті болғандықтан, бұл азамат жазасын кәріс жерінде өтейтін болады.

 

Сондай-ақ, інісін пышақтап өлтірген күдіктіні болашақта елге депортациялау мүмкін емес.   

 

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

 

– Сеулдегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның денесін Қазақстанға жіберу мәселесін шешуде. Екі қазақстандық азамат Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген.

 

Күдікті 14 қазанда Қазақстанға оралуды жоспарлаған. Бірақ ол енді әзір мүмкін емес.

 

Елшіліктің ақпараты бойынша Оңтүстік Кореяда 36 мың қазақстандық бар. Олардың 10 мыңға жуығы- заңсыз мигранттар.

 

Айта кетейік, өткен аптаның ішінде сол елде нәпақа тауып жүрген 4 қандасымыз көз жұмыпты. 

 

Ал ағасының қолынан қаза тапқан марқұмның  мәйіті 21 қазанда Шымкент қаласына жеткізіледі.

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 976    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 23:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31