Қылмыс

Қорғаныс министрлігінің шенді офицері ұсталды

  • https://www.inform.kz/kz

    https://www.inform.kz/kz

Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады.

 

"2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдиновті ұстады", – деп хабарлады ведомстводан.

 

Ал кейбір БАҚ дерегінше, ол "қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, сыйақы беру кезінде бюджет қаражатын жымқырды және әскери қызметшілерден ақшалай жәрдемақыларды заңсыз өндіріп алды" деп күдікке ілінген.

 

"Сыйақының жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асады", – делінген Orda.kz порталының ақпаратында.

 

Сатыбалдиновтің жұмыс орны мен үйінде тінту жұмыстары жүргізілді.

 

Сонымен қатар, қаржы қызметінің бастығы подполковник Жарболов та қылмыс жасады деп күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады.

 

Қорғаныс министрлігінің өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті өзін жақсы қырынан көрсеткен офицер ретінде атап өтті.

 

Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтарында қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қарамағындағы қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың бірде-бір фактісіне жол бермеуді тапсырған болатын.

 

 

 




Көрілген: 686    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 13:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31