Қылмыс

Көршілер көрген: Алматы облысында ұрының кім екенін білген әйел аң-таң болды

  • Көршілер көрген: Алматы облысында ұрының кім екенін білген әйел аң-таң болды

    Көршілер көрген: Алматы облысында ұрының кім екенін білген әйел аң-таң болды

Ажырасу процесі кезінде дүние-мүлік әділ бөлінбеді деп санаған Есік тұрғыны ұрлық жасап, полицияға түсті.

Алматы облысында судьяның мүлікті бөлуге қатысты шешіміне наразы болған ер адам бұрынғы әйелінің көлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды Sputnik.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.  

Ресми мәліметке сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімшесіне хабарласқан 36 жастағы әйел үйдің алдында тұрған Hyundai Tiburon автокөлігінің ұрланғанын айтқан. Тәртіп сақшылары бірден көршілерден жауап алуға кірісті. Бір адам жәбір көрген әйелдің бұрынғы күйеуінің ұрланған көлікпен шығып келе жатқанын көрген.  

"34 жастағы ер адам өз кінәсін бірден мойындап, көліктің қай жерде тұрғанын айтты. Ол бұрынғы әйелінің кілтті көлікте қалдыратын әдетін біліп, үйдің ауласына жасырын кірген. Одан кейін ажырасу процесі кезінде судьяның шешімімен әйеліне берілген көлікті ұрлап кеткен", - дейді полицейлер.  
Тәртіп сақшылары темір тұлпарды заңды иесіне қайтарып берді. Ол өз ризашылығын білдірді. Ал оның бұрынғы күйеуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 1996-2003 жылдары шығарылған Hyundai Tiburon маркалы спорткар 1-3 миллион теңге тұрады.




Көрілген: 1981    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 21:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31