Қылмыс

Көршісінің үйінен планшет ұрлаған әйел ұятқа қалды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Көршісінің планшетін ұрлаған күдіктіні қарағандылық полиция анықтады, – деп хабарлайды polisia.kz.

 

9 қыркүйек күні Теміртау қалалық Полиция басқармасының Шығыс полиция бөліміне 50 жастағы азаматша хабарласып, өзінің саяжайында болған кезде белгісіз біреу қаладағы үйіне кіріп, құны 90 мың теңге тұратын планшетін ұрлап кеткендігі туралы арызданған.

 

Анықталғандай бұл ұрлық үй иесі түнгілік уақытта саяжайда болған кезде орын алған. Белгісіз біреулер үйдің пластикалық терезесін бұзып кіріп, қолына іліккен планшетті үптеп кеткен.

 

Полиция қызметкерлері көршілерден жауап алу барысында ешкімнің қылмыс болған күні сол маңайда күдікті адамдарды көрмегені белгілі болды.

 

– Қылмыскердің ізіне түсетін дәлелдемелердің жеткіліксіз болуына қарамастан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы азаматша анықталды. Оның жәбірленушімен көрші тұратыны белгілі болды. Ұсталған азаматша мойындау көрсетпе белгілерін беріп, планшет иесіне қайтарылды, – деді Қарағанды облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ислам Мусин.

 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.09.2020, 02:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31