Қылмыс

“Қостанай-Алматы” бағытындағы пойыз жолаушысы 116 млн теңгесін ұрлатып алды

  • “Қостанай-Алматы” бағытындағы пойыз жолаушысы 116 млн теңгесін ұрлатып алды

    “Қостанай-Алматы” бағытындағы пойыз жолаушысы 116 млн теңгесін ұрлатып алды

“Қостанай-Алматы” бағытындағы пойыздың жолаушысынан 116 млн теңге ұрланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 31 мамырда болды. 22 жастағы қыз өзімен бірге 116 900 000 теңге алып бара жатқан. Алайда ұйықтап тұрғаннан кейін ол Жақсы станциясына жеткенде ақша салынған сөмкесін таба алмай қалған. Бойжеткен көліктегі полиция департаментіне бірден шағымданған.

8 маусымда жедел-іздестіру шараларынан кейін үш күдікті ұсталды.

“Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, оның барысында 12 620 000 теңге және 198 500 АҚШ доллары тәркіленді. Күдіктілер ұрланған ақшаның бір бөлігін қылмыс жасалғаннан кейін бірден екі автокөлік сатып алып, жұмсап үлгерген” – деді көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаев.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.




Көрілген: 696    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 10:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30