Қостанай облысында белгісіз біреу мұғалімнің үйіне кіріп, зорламақ болған

26 сәуір 2022, 22:16

Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде бұрын сотты болған ер адам мұғалімнің үйіне кіріп, ұрып-соғып, буындырып, зорламақ болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sn.kz-ке сілтеме жасап.

"Костанайские новости" басылымының жазуынша, жәбірленуші 50-ден асқан, ал сотталушы 22 жаста. Әйел аты-жөні мен шабуылдың қай аймақта болғанын әзірге құпия сақтауды сұраған.

 

Сотта мұғалім барлығын егжей-тегжейлі және эмоционалды түрде айтып берген.

 

Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 149, 107, 120-баптары, 1-бөлімдері - тұрғын үйге кіру, орташа ауырлықтағы ұрып-соғу және зорлауға оқталу бойынша сотқа жіберілді. Соңғы бап бойынша жас жігіт кінәсін мойындамайды. Жәбірленуші ол қылмыскерге әрең қарсы тұрғанын айтады.

 

Оқиға жаңа жыл түні  болған.

 

Сот процесі жалғасуда.