Қостанай облысында жанармай талондарын заңсыз сатқан – шығын 18,5 млн теңге

02 тамыз 2022, 10:48

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті жанар-жағармай талондарын үшінші тұлғаларға заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны» МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызметтік бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен әртүрлі тұлғаларға сатып жіберген, - деп мәлімдеді ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан мәлімет бойынша, бұрынғы басшы 2020 жылғы қазаннан 2021 жылғы желтоқсанға дейінгі аралықта 2,5 мың литрден астам АИ-92 маркалы бензинге және 100 мың литрге жуық жазғы дизель отынына талондарды ұрлап, 18,5 млн.теңге материалдық залал келтірген.

Сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сонымен қатар ол барлық белгіленген мерзімге пробациялық бақылауға алынды.