Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қостанай облысында полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан

11 шілде 2023, 18:27

Қостанай облысында үш полицей есірткі бизнесіне қатысып, олардың тікелей басшылары қызметінен кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "ТоболИнфо" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Агенттіктің мәліметінше, қылмыскерлерге қосылып, есірткімен өздері айналысқан. Іске 3 полиция қызметкері қатысқан.

 

"Қостанай облысы бойынша ІІД қызметкері Амзе А.М-ның қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оны Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті жүргізіп жатыр", - делінген "ТоболИнфо" сайтында.

 

Қостанай облысындағы полиция қызметкерлерінің бір бөлігі қызметінен кетті. Біреу өзі арыз жазса, басқалары қызметтік тергеу нәтижесінде босатылды.

 

"Қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Әлмағамбетов А.Қ., орынбасары Қартбаев А.Ж., Қостанай қаласы полиция бастығының орынбасары М.Н.Базарбаев, Қостанай қаласы бастығының орынбасары Шұбайов Б.А., Қостанай ММ бастығы Атығаев А.А. Қостанай облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Ынтықбаев А.К. ішкі істер органдарынан жұмыстан шығу туралы арыз жазған. Облыстық полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасының бастығы Дюсебаев Қ.А. қызметінен босату туралы хаттама толтырды", - деді полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Алексей Милюк.

 

Басылымның мәліметінше, бұл аймақтағы полицияның есірткі таратуы бірінші рет емес екен. 2014 жылы осыған ұқсас жағдайда форма киген 10 полиция қызметкерлері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

 

Еске сала кетейік, 5 мамырда Қостанай облысы бойынша ҚМДБ мен Қостанай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Қостанайда синтетикалық есірткіні таратқан деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов полицейдің есірткімен ұсталуына қатысты пікір білдірді.