Қылмыс

Қостанай облысында заңсыз діни ұйым анықталды

  • © mediaovd.kz

    © mediaovd.kz

Қостанай облысының полиция департаменті Рудный қаласында «Фархат-ата» әдісі бойынша емдеумен айналысатын тыйым салынған «Алля аят» бірлестігінің қызметін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Рудный қаласының екі тұрғыны аталған ағымды ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


«Рудный қаласының соты заңсыз діни ұйымның тағы бір өкілін (адепт) ҚР аумағында таратуға және әкелуге тыйым салынған экстремистік әдебиеттерді заңсыз сақтағаны үшін 70 АЕК (170 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.


Полция департаментінде атап өтілгендей, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының сотымен «Алла-Аят» деп аталатын Ф. М. Абдуллаевтың (Фархат-ата) қызметі Қазақстан халқының денсаулығына және мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп танылды.


Бұл ұйымның қызметіне республика аумағында тыйым салынады.




 




Көрілген: 1032    Пікірлер: 0

сенбі, 20.04.2019, 09:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30