Қылмыс

Қостанай облысында зорланған қыздың оқиғасы: 14 ер адамға қатысты іс сотқа жетпеді

  • Көрнекі сурет © рixabay.com

    Көрнекі сурет © рixabay.com

Қостанай облысы, Екідін аулында 14 ер адамға қатысты қылмыстық іс ақыры сотқа жетпеді, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.

 

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді. Тергеу кезінде 22 жастағы қызды зорла деген күдікке ілінген ер адамдар оның баласының биологиялық әкесі болып шықпаған. Алайда жәбірленушінің алыс туысы қызбен интим қатынаста болғанын мойындаған.

 

"Ауыл тұрғынының сөзінше, жәбірленуші туысымен өз еркімен бірнеше рет интим қатынаста болған. Олар бір ауылда тұрады, алыс туыс болып шықты. Бірақ қыз шағым жазған кезде оны айтпаған. Сондықтан алғашында баланың әкесін анықтай алмадық. Басқа күдіктілер бойынша сараптама жүргізілді, бірақ сәйкестік анықталмады", - дейді Қостанай облысының ПД тергеу бөлімінің басшысы Нұрлан Арыстанов.

 

Департамент мәліметінше, қылмыстық іс қозғалған кезде 14 үлгі сараптамаға жіберілген. Екінші рет 24 үлгі жіберілген. Сөйтіп, сараптамаға барлығы 30 миллион теңге кеткен.

 

Баланың әкесі анықталғаннан кейін, полицейлер жәбірленушіні адвокатымен бірге бірнеше рет шақырғанымен келмеген.

 

Еске салайық, 2018 жылдың мамырында адвокат Айман Умарова 22 жастағы қыздың зорлануы туралы істі қолына алған. Адвокаттың сөзінше, 2017 жылы шілдеде 14 ер адам жәбірленушіні зорлаған.

 




Көрілген: 190    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2020, 08:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31