Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қостанай облысының тұрғыны 14 жыл бойы екі жерден заңсыз зейнетақы алып келген

29 шілде 2021, 11:00

Қостанай облысының тұрғыны Ресей және Қазақстан азаматы ретінде бір екі зейнетақы алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облыстық соты зейнеткер он төрт жыл бойы заңсыз зейнетақы алып келгенін айтты. 

 
"Айыпталушы Ресей Федерациясының төлқұжатын алған, бірақ ол Қазақстан азаматтығынан шығу туралы құзырлы органдарға өтініш беомеген болып шықты. Ол Ресей Федерациясында жасына байланысты 1998 жылдан бастап  сақтандыру зейнетақысын алған. Сонымен қатар, 2006 жылы Қазақстан зейнетақыларын төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа жеке куәлігін ұсына отырып, жасына байланысты зейнетақыға шыққан. Зейнеткер өзінің жасырын түрде зейнетақы алып келгенін растады", - деп түсіндірді сот.

Қазақстан мен Ресейде бір уақытта зейнетақы алу фактісін анықтауға байланысты, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің шешімі бойынша 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап оның зейнетақысы тоқтатылды.

Айыпталушыны көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының паспорты мен жеке куәлігін пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

"2006 жылғы 28 маусымнан 2020 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде азаматша В. 9401 727 теңге көлемінде зейнетақы төлемдерін алды, бұл заңсыз болып саналады", - деп хабарлады сот.

Енді әйел осы мөлшерде алынған қаражатты қайтаруы керек. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.