Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қостанайда анасы 13 жастағы қызын пышақтап тастады

08 қаңтар 2018, 11:57

Қостанай қаласы балалар ауруханасына кеудесінен пышақ жарақатын алған қыз жексенбі күні кешке түскен, деп жазады "Костанайские новости" жергілікті басылымы.

"Шұғыл түрде операция жасадық. Кеудесі, қарны мен бауырының сол жақ бөлігінен жарақат алыпты. Ішіне қан құйылған. Орташа дәрежедегі анемия. Шок", — деді бас дәрігер Игорь Белобржицкий.

Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр болғанымен, бір қалыпты.

Басылымның мәліметінше, анасы мас күйінде қызына пышақ салыпты. Оны полиция қызметкерлері ұстады.

Sputnik