Қылмыс

Қостанайда әйел бір жарым жасар қызын өлтіріп, елсіз далаға апарып тастаған

  • https://saintbasil.ru/

    https://saintbasil.ru/

Қостанай облысының полиция қызметкерлері баланы өлтіру ісін тергеп жатыр. Күдікке қыздың анасы ілікті.

 

Тергеушілерге он жылдан астам уақыт бұрын бір жарым жасар қызды өлтіргені туралы ақпарат түскен, деп хабарлады alau.kz порталы.

 

Тәртіп сақшылары қызға қатысты барлық ақпаратты тексере келе, тергеуді бастады. Бала азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркелген. Құжаттарда қыздың анасы тұрған ауыл көрсетілген. Алайда әйел де, оның қызы да онда ұзақ жылдар бойы тұрмағаны анықталды.

 

Нәтижесінде полицейлер баланың анасын тапты, ол болған жағдайды айтып берген.

 

"Жанжал кезінде ол үйден кетіп қалған. Оны үйден қуып шыққан... Осы себепті жағдайы қиындаған, ол баланы елсіз далада өлтіріп, тастап кеткен", - деді Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бөлім бастығы Артем Ткаченко.

 

Әйел полицейлерге баланы тұншықтырып өлтіргенін, қыздың денесін ауыл шетіне қалдырып, облыстың басқа ауданына кеткенін мойындады.

 

Баланың сүйегі табылмады. Әйел көрсеткен жер адам танымастай өзгерген. Ол жер бұрын елсіз дала болған, қазір жол салынған.

 

"Теориялық тұрғыдан, әрине, өзіне жалған кінә тағуы мүмкін. Яғни, дәлел болуға тиіс. Бала дүниеге келген, қазір жоқ, дәлел әзірге осы. Ол тірі болуы да мүмкін", - деп түсіндірді бөлім бастығы.

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 927    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 09:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30