Қылмыс

Қостанайда екі әйелдің мәйітін көмуге дайындалып жатқан ер адам ұсталды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғындары екі әйелді қатыгездікпен өлтірген 39 жастағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

21 ақпанда әйел адам Рудный қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласты. 68 жастағы туысының қоңырауларға жауап бермейтіндігі, хабарсыз қалғандығы туралы мәлімдеген. Полиция арыз берушінің 34 жастағы жиенінің де жоғалып кеткенін анықтады.

 

23 ақпан күні жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған Рудный қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір ол қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр.

 

Қостанай қаласында брифинг өтті. Рудный қаласы басқармасының бастығы подполковник Әлім Баржықбаев оқиғаға қатысты күдіктінің ұсталғаны туралы айтты.

 

 

“Бейне жазбаларды тексеру арқылы екі автокөлікпен,екі күдікті азамат анықталды.Жазбадағы азаматтардың тұлғасы тексерілді.Өкінішке орай,бейне жазбаның сапасы төмен. Сол себепті күдіктілерді толық анықтау қиынға түсуде.Дегенмен “Автоураган” желісінің көмегімен көліктер іздестіріліп жатыр.Таңғы сағат 4-те оқиға орын алғаннан кейін, күдіктілердің бет алуы мүмкін болған мекенжайы анықталды. Жедел алдын алу шарасын жүргізуде күдікті деп танылған азаматтың артынан аңдып жүріп таңғы 06:00 де ұстау операциясын жүргіздік. Полиция бөлімінде мойындау түсініктемесі бойынша өз кінәсін мойындады. Ең бастысы біз уақытылы күдіктіні құрықтап үлгердік. Ол мәйіттен құтылуға әрекеттеніп жатқан жерінде қолға түсті.21 ақпанда Тобыл өзеніне жаяу барып, қылмыс заттарынан арылу үшін шұңқырды дайындаған. Ақпан айының 20-сынан 21-іне қараған түні сағат 3-те жедел-тергеу тобы Рудный қаласының басқармасы туыстары мен көршілерінің пәтерін тексерді. Ақпанның 21-нен 22-іне қараған түні бір тәулікте күдіктіні анықтап, құрықтады.Қазіргі уақытта қылмысын мойындады. Бүгін күдіктіні тұтқындау туралы мәселе толық шешілетін болады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды” ,-деп мәлімдеді Рудный қаласы басқармасының бастығы подполковник Әлім Баржықбаев.

 




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 18:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30