Қостанайда ер адам 20 мың теңге қарызын қайтармаған әйелін пышақтамақ болды

19 қараша 2020, 11:07

Полиция қызметкерлері Қостанайда ер адамның әйелге пышақпен шабуылдағаны туралы ақпараттың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция департаменті әйелге пышақпен шабуылдаған қостанайлық қарыз үшін қылмыс жасағанын хабарлады.Белгілі болғандай, қостанайлық тұрғын ақша үшін 38 жастағы әйелге шабуыл жасаған.

"Болған жағдайдың алдын-ала себебі - ақшалай қарыз. Жәбірленушінің жары күдіктіге 20 000 теңге қарыз болған. Олар бір-бірін біледі, бір ауданда тұрады", - деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Күдікті сол күні ұсталды, одан жәбірленушінің сөмкесі мен пышақ тәркіленді. Ол мас күйінде болған. Әйел аман, оны қысқы киім құтқарып қалған.