Қылмыс

Қостанайда ер адам әйелін пышақтап, өзіне қол салды

  • Сурет: Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі

    Сурет: Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі

Қостанайдың қақ ортасында ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді. Сұмдық оқиға куәгерлерінің айтуынша, қаскүнем келіншекке бірнеше рет пышақ сұғып, кейін өзін жарақаттаған. Араша түсе алмаған олар бірден тәртіп сақшыларын шақыртқан. Сол жерге жеткен полицейлер мен медбикелер жәбірленушінің дәрігерлер келгенге дейін мерт болғанын анықтады. Ал, қаскүнем қолға түспес бұрын өз-өзіне пышақ салып үлгеріпті, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

 

Ажырасып кеткен ерлі-зайыптыларда ортақ он жастағы бала бар.

 

Ерболат Мұртазаев, қалалық ПБ бастығының орынбасары:

 

Ерлі-зайыптылар 2016 жылы ресми түрде ажырасқан, алайда отбасыны сақтап қалу үшін бірнеше мәрте қосылған еді.

 

2018 жылы күдікті тұрмыстық зорлық-зомбылыққа барғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Қазір ол ауруханада жатыр. Палатаны тәулік бойы полицейлер күзетуде.

 

Тергеу жалғасып жатыр.




Көрілген: 676    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 12:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31