Қылмыс

Қостанайда ер адам тал-түсте танысының әйелін пышақтап тастады (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қостанай тұрғыны танысынан қарыз ақшасын ала алмағанына ашуланып, оның әйелін пышақтап тастаған. Тапа-тал түсте, көше бойындағы қаннен қаперсіз қылмысты жасаған күдікті ұсталды.

 

Соңғы уақытта қыз-келіншектерге зәбір көрсету фактілері жиілеген. Мәселен Қызылжарда жыл басынан бері 2 мыңға жуық  нәзік жандыға жұдырық тиген.

 

Бұл бейнекөрініс лезде  әлеуметтік желіні шарлап кетті. Аялдамада алаңсыз тұрған әйелді бейтаныс еркек ұрып жығып, бірнеше жерден пышақтаған.

 

Кейін белгілі болғаны күдікті бейтаныс емес, келіншектің күйеуінің танысы боп шықты. Қарызға берген 20 мың теңгесін қайтара алмаған ол, қаһарына мініп пышақ сермеген.

 

Нұрлан АРЫСТАНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

 

-          Жедел іздестіру нәтижесінде 41 жастағы облыс тұрғыны ұсталып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің "Адам өлтіруге қастандық" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Істің мән-жайы анықталуда.

       

Оқиға қарашаның он төрті күні болған. Дереу ауруханаға жеткізілген 38 жастағы әйелге алғашқы көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберіліпті. Абырой болғанда оның ішкі органдарына зақым келмеген.

 

Ксения ЖЫЛҚЫБАЕВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

 

-          Әйелді облыстық ауруханаға жеткізді. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ота жасалды. Ішкі органдарына зақым келмеген. Қазіргі таңда ол амбулаториялық емделуде.

 

Қостанайлық келіншек танысынан таяқ жеп жатқанда, Қызылжардағы қыз-келіншектер қосағынан жапа шегуде. Жыл басынан бері 2 мыңға жуық әйел күйеуінен жәбір көрген. Ерлі-зайыптылар ерегесінен 54 қылмыс жасалған.

 

Бұдан бөлек 2 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылыпты. 

 

Десек те әйелдер қауымы көбінесе полиция шақыртып, арыз жазуға жүрексінеді,-дейді тәртіп сақшылары.  

 

Зарина ЕЛУБАЕВА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

 

-          Сөйлескеннен кейін учаскелік инспектор әйелден арыз жазасыз ба деп сұрайды. Олар жазбаймын дейді. Мен тек жолдасымның тиышталуын, сіздің онымен алдын алу жұмысын жүргізгеніңізді сұраймын. Қорқытып қойыңызшы дегендей. Содан жазбайды. Учаскелік инспектор ол арыз жазбағасын ешқандай іс қолдана алмайды.

 

Еске салайық, бұған дейін тағы бір қостанай тұрғыны ажырасқан әйелін сұлулық салонында пышақтап тастаған еді. Жәбірленуші жазылып шықты. Ал оның күйеуіне қатысты қылмыстық іс сотта әлі қаралып жатыр.

 

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2020, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31