Қылмыс

Қостанайда жағажайда атыс болып, қыз бала жарақаттанды

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Қостанайда белгісіз біреу қызға оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полицейлер ер адамды іздестіріп жатыр. Қостанай қаласының 25 жастағы тұрғыны оқиға туралы әлеуметтік желідегі жергілікті пабликтердің бірінде жазды.


Оның айтуынша, белгісіз ер адам пневматикалық қарудан оқ атқан. Қыздың айтуынша, ол бұл әрекетті қасақана істеген.



"Өтініш - сақ болыңыздар. Бұл әр адаммен болуы мүмкін, қалада қаруланған адам емін-еркін оқ атып жүруінің өзі сұмдық жағдай", - деді зардап шеккен қыз.


Оқ атылғаны туралы хабар полицияға 16:30-да түскен. Ер адамды іздестіріп жатыр.


"Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды. Олар оқ атқан адамның сұр түсті "ВАЗ 21009" автокөлігімен жүргенін анықтаған. Осы жағдайға қатысты қандай да бір мәліметті білген жағдайда полицияға хабарласуды сұраймыз. Қыз бала ауруханаға бармаған", - деді Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.


Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған.


 




Көрілген: 429    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.06.2019, 17:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31