Қылмыс

Қостанайлық келіншек құрбысының көңілдесін не үшін өлтіргенін айтты

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Қостанай облысында екі күнге созылған отырыс кісі өлімімен аяқталды. Жантүршігерлік оқиға туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

 

Қостанай қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне пәтерде ер адамның көз жұмғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы бұл мас күйде тұрмыстық жанжал кезінде жасалған кісі өлтіру екенін анықтады.

 

Тергеу барысында жедел уәкілдер оқиғаның мән-жайын толықтай ашты.

 

Ауыл тұрғыны, яғни көлік жөндеу станциясының қызметкері жалақы алып, Қостанайға көңіл көтеріп, дем алу үшін келген. Балалары мен әйелі ауылда қалған. Мұнда ер адам екі досымен кездескен. Сонымен қатар, қалада оның көңілдесі болған.

 

Осылайша, олар көңілдесінің құрбысын да шақырып, екі күн бойы жалдамалы пəтерде көңіл көтерген. Отырыс кезінде ер адам мен оның көңілдесі арасында жанжал туындаған. Құрбысының көз жасын көріп шыдай алмаған əйел ер адамды “жазаламақ болған”.

 

Қолына ас үй пышағын алып, әйел жәбірленуші жатқан жатын бөлмеге барған. Өткір қарумен арқасына жасалған соққыдан соң ер адам жан тапсырған.

 

Оның екі досы бұл кезде балконда темекі шегіп тұрып, екі әйелдің үйден қалай кетіп қалғанын да білмей қалған. Залда ішімдік ішуді жалғастырған олар жатын бөлмедегі мәйітті де көрмеген.

 

Полицияны пәтер иесі шақырған.

 

Әйел полицияға келесі күні кінәсін мойындап, өзін ретке келтіріп болған соң келмек болғанын жеткізген.

 

Алайда күдікті одан бұрын ұсталды. Ал құрбысы куәгер ретінде жауап беруде.

 

Аталған факті бойынша тергеу жалғасуда. Бірқатар сараптама тағайындалды.

 

Ұсталған күдікті тергеу изоляторына қамалды.

 

 

 




Көрілген: 850    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 21:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30