Қылмыс

Қостанайлық полицей пара алып жатқан жерінде қолға түсті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірнеше полицей мен тергеушіні парамен ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Аппарат жетекшісі Қуаныш Жапақовтың айтуынша, агенттіктің Қостанай облыстық департаменті жол-көлік инспекциясының қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол тәртіп бұзған адамды әкімшілік жазаға тартпағаны үшін 20 мың теңге алған. Полицейді ұстау операциясы видеоға түсірілді.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Бұдан бөлек, Алматы облысында Ілеу аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі мал ұрлығы бойынша қылмыстық істі әдейі тіркемегені үшін айыпталып отыр. Сол үшін 300 мың теңге алды деген күдік бар.

"Ал Алматы қаласында шұғыл әрекет ету отрядының жедел уәкілі Қытай азаматын пара беруге итермелегені үшін айыпталды. Қылмыстық істі тоқтатамын деп, әйелдің 10 мың АҚШ долларын қолды еткен", - деп атап көрсетті Жапақов.

 

Орал қаласында полицей аңшы мылтығын ұстауға рұқсат қағазын жылдам жасап бергені үшін 70 мың теңгенің парасын алса, Қарағанды облысында Осакаров аудандық полиция бөлімшесінің тергеушісі қылмыстық істі заңсыз тоқтатты деген күдікке ілінді.

 

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде жасалған қылмыстар үшін жаза күшейтіледі.

 

 


 




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.04.2020, 15:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31