Қылмыс

"Кредит алайын деп жатыр": алаяқ Атырау тұрғынының 1,5 млн теңгесін жымқырды

  • "Кредит алайын деп жатыр": алаяқ Атырау тұрғынының 1,5 млн теңгесін жымқырды

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын анықтады

Атырау тұрғыны өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяққа жеке мәліметтерін беріп, 1,5 млн теңгесінен айырылды.

Жәбірленушінің айтуынша, 2 қараша күні оған белгісіз адам WhatsApp арқылы өзін Халық банктің қызметкері ретінде таныстырып хабарласқан. Содан кейін есепшотынан белгісіз адамның кредит рәсімдеп жатқанын айтып, жеке мәліметтерін сұраған.

"Осылайша алаяқ атыраулық тұрғынның банктегі есепшотынан 1 млн 500 мыңға жуық теңгені басқа есепшотқа аударып алған" - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын анықтады.

Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.

sputnik.kz




Көрілген: 442    Пікірлер: 0

жұма, 05.11.2021, 10:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31