Қылмыс

Кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған боксшыға қатысты жаңа дерек шықты

  • © sport.inform.kz

    © sport.inform.kz

Кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған бокстан әлем чемпионы, қазақстандық спортшы Аслан Мұқановтың ісіне қатысты жаңа дерек шықты деп хабарлайды Zakon.kz.


Ол өзінің туысқанын өлтірді деп күдікке ілінген. Полицияға хабар берген белгісіз келіншек марқұмның әйелі болып шықты.


- 11 шілдеде Ақсайда ауылында өте ауыр қылмыс жасалды. Өзара дүрдараздық кезінде 31 жастағы ер адам 32 жастағы туысқанын пышақтап тастаған. Ауыр жарақаттан зардап шегуші оқиға орнында көз жұмған. Полицияға күйеуінің өлі денесін тауып алған әйелі қоңырау шалған. Айыпты болса, оқиға орнынан ізін суытқан, - дейді Қостанай облыстық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы подполковник Медет Айдарбеков.


Аудан прокуроры Ринат Каримов бастаған тергеу тобы қылмыс орнында болып, тергеуді бастап кетті. Көші-қон полиция қызметінің бастығы Серік Рақышев пен полиция инспекторы Батыр Ысқақов күдіктінің Заречный ауылына бет алғаны туралы ақпарат алады.


- Біз Заречный ауылындағы "Садовод" КШ күзет бастығына шықтық. Елді-мекенді сүзіп шығуды тапсырдық. Күзет бастығы Евгений Радюк бақша алқабынан іздестірілген күдіктіге ұқсайтын адамды байқағанын жеткізді.


- Мен бірден учаскелік полицияға хабарластым. Олар өздерінің келгенін күтуді тапсырды. Оның спортшы екенін, менің шамам келмеуі мүмкін екенін ескертті. Мен оны сырттай бақылап, көзден таса қылмай тұрдым. Ал ізкесушілер шалт қимылдап, кәсібиліктерін көрсетті. Оны тырп еткізбей ұстап алды, - дейді ол.


Айта кетсек, туысқанын пышақтады деп күдікке ілінген Қостанай облысының 31 жастағы спортшысы наурызда ғана National Boxing Association нұсқасы бойынша әлем чемпионы жүлдесін қанжылаған. Ол бірінші раундта-ақ венесуалық Стивен Монтерросты нокаутқа жіберген. Бұл - оның кәсіби рингтегі алтыншы жеңісі. Оның бесеуін де алдын ала жеңіспен аяқтаған. Бір жарым жыл ішінде ол осындай үлкен жетістікке жеткен. Колумбияда жаттығып, Нельсон Лопездің өзі оған промоутер болған. Соңғы рет Монтерроспен жұдырық түйістіргенді елді сағынғанын жеткізген. Алайда Отанына оралған ол қиын жағдайға тап болып отыр.


 




Көрілген: 2953    Пікірлер: 0

жұма, 12.07.2019, 16:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31