Қылмыс

ҚТЖ-ның кейбір басшылары кәсіпкерлерден ірі көлемде пара бопсалаған

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жекелеген басшылары кәсіпкерлерден ірі көлемде пара бопсалаған. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметінде де жемқорлық дерегі анықталып жатады. Онда жекелеген басшылар вагондарды кедергісіз босатқаны үшін кәспкерлерден ірі көлемде пара бопсамалаумен айналысады», - деді Данияр Ақуан.

 

Оның дерегінше, мұндай фактілердің жолы Алматы, Қостанай, Ақмола. Қызылорда және басқа да облыстарда кесілген.

 

«Олар ұйымдастырған қылмыстық сызба заңсыз баюға мүмкіндік берген. Бұған қоса, пара сомасы 100 мыңнан 5 млн теңгеге дейін өзгеріп отырған.Ал жалпы пара сомасы ондаған миллион теңгеге жетіп жығылады», - деді ол.

 




Көрілген: 687    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.04.2020, 16:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31