Қылмыс

Күдіктінің үйіне өзі барған: Алматыда айуандықпен өлтірілген 19 жастағы қыздың оқиғасы

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Алматының ПД Аяжан Еділованың өліміне қатысты деректермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

"Алматылық Аяжан Еділова із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабар 20 наурыз күні келіп түсті. Іс тіркелген соң, жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 21 наурызда түнгі сағат 22:00-де жоғалған қыздың ең соңғы барған мекенжайы анықталды. Алатау ауданы Нұркент ықшам ауданында күдіктінің тұратыны белгілі болды. Күдікті 1993 жылғы азамат, оның үйіне кіру үшін полицейлер есікті бұзуға тура келді. Пәтерге басып кірген полциейлерді көрген азамат өзіне қол салмақшы болған. Жедел жәрдем шақыртылып, күдікті ауруханаға жеткізілді. Қазір ол тұтқындаулы", - деді Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов.

 

Бұған қоса, марқұмның бөлшектенген денесі табылғаны расталды. Полицейлердің мәліметінше, күдікті мәйіттің көзін құрту үшін осылай істеген. Ол осылайша қылмысын жасырмақ болған. 

 

"Күдіктінің сөзінше, ол бойжеткенді 19-нан 20 наурызға қараған түні, шамамен 23:00 мен 00:00 шамасында өлтірген. Яғни, қылмыс Аяжан Еділованың жоғалғаны туралы хабар келіп түспей тұрып болған. Бойжеткен денесінің кей бөліктері Алатау ауданы мен Бостандық ауданындағы қоқыс жәшіктерінен табылды. Сот сараптамасы тағайындалды. Қылмыс пәтерде орын алған", - деп қосты ол.

 

Көп қабатты үйдің тұрғындары пәтерден біртүрлі дыбыстар естімегенін айтады. Барлығы тыныш болған.

 

ПД таратқан мәліметтерге сәйкес, күдікті мен бойжеткен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Ұсталған азамат бұрын сотталмаған. Күдікті осы уақытқа дейін тіпті әкімшілік жауапкершілікке де тартылмапты.

 

"Марқұм күдіктімен Badoo желісі арқылы танысып, үйіне барған. Күдікті мен зардап шегушінің арасында жыныстық қатынас болған-болмағаны белгісіз. Екеуі үш күндей таныс болған. Ер азаматтың сөзінше, олардың арасында жанжал туып, артынша ашуға булыққан ол қызды өлтірген", - деді ПД өкілдері.

 

Үйдің ауласында және дәлізінде орналасқан бейнебақылау камераларында қыздың үйге өз еркімен кіргені анық көрінген.

 

Бойжеткеннің неден көз жұмғаны алдағы уақытта анықталатын болады.

 

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазған болатынбыз.

 

19 наурызда жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды. Алматы полициясы күдіктіні ұстады.

 




Көрілген: 7803    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 12:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30