Қылмыс

Құлсарыда бір топ жасөспірім түн ортасында шу шығарған

  • Құлсарыда бір топ жасөспірім түн ортасында шу шығарған

    Құлсарыда бір топ жасөспірім түн ортасында шу шығарған

Атырау облысының Құлсары қаласында бір топ жасөспірім түн ортасында шу шығарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бұл туралы 20 мамыр сағат 23:40 шамасында Жылыой аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабар түскен.

«Бір топ жасөспірім Құлсары қаласындағы Махамбет даңғылында орналасқан «Иранбақ» дәмханасының алдында өзара дауласып, шу шығарған. Осыған байланысты жедел-тергеу тобы көрсетілген орыннан кәмелетке толмаған жасөспірімдерді анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүргені үшін ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір Жылыой аудандық полиция бөлімі аталған қылмыстық құқық бұзушылық дерегін жан-жақты, толық әрі объективті зерттеу үшін Қылмыстық Кодекстің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кенішінде аялдамаға қалдырылған сөмке күдік тудырғанын хабарлаған болатынбыз.




Көрілген: 570    Пікірлер: 0

сенбі, 22.05.2021, 09:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31