Құрылыс материалдарын тиімді бағамен алып беруге уәде еткен жеке кәсіпкер ұсталды

31 мамыр 2021, 18:17

Құрылыс материалдарын тиімді бағамен алып беруге уәде еткен жеке кәсіпкер сатып алушыларды алдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

ЖК басшысы – К.есімді азаматқа қатысты 10-нан астам адам ұжымдық арызбен жүгінді.

 

– Анықтау басқармасы жүргізген сотқа дейінгі тергеу барысында 2014 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта алаяқтық жолмен бір топ адам құрылыс материалдарын сатып алу-сатуды сылтауратып, азаматтардың қаражаттарын иемденіп алғандығы анықталды. Өздерінің алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру үшін жалған заңды тұлғаларды құрған, олардың аттарынан жалға берілетін кеңселердің алдында және әртүрлі интернет-ресурстарда жарнамалар салынған. Жалған келісімшарттар жасасу арқылы, фискалдық түбіртектерді бермей, қаскөйлер тауарлар үшін 100% алдын-ала ақшаны қолма-қол алды, әр түрлі сылтаулармен жеткізу уақытын кешіктірді. Осылайша, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы олар өзге азаматтардың мүлкін едәуір мөлшерде иемденді. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Әрбір қатысқан адамның іс-әрекетіне заңды баға беріледі және шара қолданылады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.