Қылмыс

“Күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын”: Алматыда көріпкел әйел ұсталды

  • “Күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын”: Алматыда көріпкел әйел ұсталды

    “Күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын”: Алматыда көріпкел әйел ұсталды

Алматыда “күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын” деп тұрғындарды алдаған алаяқ көріпкел ұсталды, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Жәбірленушілердің саны күн сайын артып келеді. Алданған азаматтар алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінуде. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 25 жастағы Ж. есімді әйел әлеуметтік желілерде сәуегейлік, жолды ашу туралы хабарландырулар орналастырған.

– Клиенттер оған мәселелерін де, ақшаларын да сеніп тапсырған. Бір адамнан бірнеше сеанста жасалған “құрбандық шалу” рәсімі үшін “көріпкел” 100 мың теңгеге дейін сыйақы алған. Сенгіш адамдардың ақша төлеп, күте тұрудан басқа амалы қалмады. Бірақ жеке өмірлерінде жақсылық болған жоқ. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазір алаяқтықтың 5 фактісі дәлелденді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі 4-тармағы бойынша тергелуде, – деп хабарлады Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.
Полиция бұл адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 393-40-73; 8-775-000-21-81.




Көрілген: 394    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 21:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31