Қылмыс

Күзетшіні байлап тастаған: Ақмола облысында кеңседен 23 млн теңге ұрланды

  • Фото: news.ykt.ru

    Фото: news.ykt.ru

Ақмола облысында қарақшы парфюмерия сататын ЖШС-ның күзетшісін байлап, сейфтен 23 миллион теңге алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қылмыс қазанның 23-де түнгі сағат 03:50 Көкшетау қаласында жасалған. Бұл туралы Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне дабыл сигналы іске қосылған «Алтын Раушан» ЖШС-ның күзетші-операторы хабарлаған.

 

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы күзетшіні байлаулы күйде тапқан. ЖШС парфюмерия өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасымен айналысады.

 

 «Анықталғандай, маска киген бейтаныс ер адам ЖШС директоры кабинетінің терезесін бұзу арқылы кеңсенің ішіне кірген. Артынша, бухғалтердің бөлмесіне еніп, металл сейфті бұзып, ондағы 23 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен», - дейді ведомстводан.

 

Осыған байланысты полиция ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігі «қарақшылық» бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

 

Сонымен бірге, ауыр қылмысты анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Оған Ақмола облыстық ПД бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин өзі жетекшілік етті.

 

«Жедел-іздестіру шарасы барысында қазанның 24-де елорда маңында Зеренді ауданының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан 22 миллион теңгеден астам ақша тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп толықтырды ведомстводан.

 




Көрілген: 229    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.10.2020, 19:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31