Қылмыс жасаған павлодарлық үш жыл бойы Ресейде жасырынған

11 желтоқсан 2021, 00:50

Ер адам Мәскеу метросының станциясында ұсталды. Ол елге экстрадицияланатын болады

115 жылқы ұрлап, жасырынып жүрген павлодарлық Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

115 бас жылқы ұрлады деп күдікке ілінген Павлодар облысының 54 жастағы тұрғыны қашып, шекара асып кеткен.

Павлодарлық полиция қызметкерлері Ресей Федерациясы Мәскеу қаласының қылмыстық іздестіру бойынша әріптестерімен бірлескен жедел іс-шаралары нәтижесінде, қашқынның жүрген жерін анықтады.

Ер адам Мәскеу метроларының бірінің станциясында ұсталды. Ол полициядан үш жыл бойы жасырынған. Қазіргі уақытта бірқатар қажетті тексерулер жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы мәселе шешілетін болады.

sputnik.kz