Қылмыскерлер өзін полицейлер деп таныстырып, қазақстандықтардың пәтерлерін тонауда

28 қыркүйек 2022, 17:26

What ‘ sApp мессенджерінде Қазақстанда қарақшылар тобы туралы ақпарат тарады. Олар өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырып, пәтерге кіріп, тұрғындарды тонайды екен. Бұл шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

  

ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– Аталған фактілер бойынша полицияға арыз-шағымдар түскен жоқ. Соңғы күндері көші – қон ағынының артуы елдегі криминогендік жағдайға ешқандай әсерін тигізген жоқ, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Баршаңызды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде арандатушылыққа бой алдырмауға және тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз.