Қылмыс

Қылмыстық топ пен полицейлердің атысы: Бір адам қайтыс болды

  • Қылмыстық топ пен полицейлердің атысы: Бір адам қайтыс болды

    Қылмыстық топ пен полицейлердің атысы: Бір адам қайтыс болды

Шудағы арнайы операция барысында полицейлерге қару қолдануға тура келді, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті полиция қатарындағы қылмыстылықты түп-тамырымен жою бойынша жүйелі шаралар қабылдауды жалғастыруда.

Бұл жолы назарға Көліктегі полиция департаменті Жамбыл облысы Шоқпар станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ілінді.

Жабайы қарасораны заңсыз егіп, жинау фактісі бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеріс барысында қызмет бабындағы полицейлердің заңсыз есірткі затын жинап, сату үшін Кұмөзек жеріне баратыны туралы мәлімет түсті.

Қылмыстың жолын кесу үшін Өзіндік қауіпсіздік басқармасы арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлерімен бірлесіп, арнайы операция жүргізді.

Күдіктілер мінген көлікті тоқтату үшін қызметкерлер Шу-Тараз автожолын жапты. Осы уақытта күдіктілер бой тасаламақ оймен, арнайы бөлініс қызметкерін қасақана қағып өтіп, оған ауыр дене жарақатын келтірді.

Атыс қаруымен қаруланған автокөліктегі үш күдікті қатты жылдамдықпен қуғыншылардан сытылып кетпек болған.

Полицейлер аспанға ескерту жасап оқ атса да - күдіктілерлер құлақ аспаған, бұдан соң көлік құралын тоқтату үшін қызметтік қару қолданылды.

Үш адамның екеуі атыс жарақатын алып, нәтижесінде, олардың біреуі медициналық мекемеде көз жұмды. Ал, екіншісіне стационар жағдайында медициналық көмек көрсетілді. Үшінші күдікті ҚР Қылмыстық-процесуалдық кодексінің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297, 345, 362-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.10.2020, 09:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30